378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіледі

  • 263
  • UPD: 23:14, 09.03.2019
Алматы облысында жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіледі

Алматы облысында жұмыссыз жүрген қыз-жігіттердің өз ісін ашуына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы Жастар жылы аясында өтетін қайта оқытуға 12 мың адам тартылады. Сол арқылы 4,5 мың жас бизнеспен айналысуға мүмкіндік алады. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Қайта оқыту мен қаржылық қолдау мәселесінде, әсіресе, ауыл жастарына айрықша басымдық беріледі.

Дияс Бейсенбек, облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы:

- Бұл жастар арасындағы кәсіпкерлік бастамалар мен идеяларды қолдауға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жастар арасында, әсіресе, ауыл жастарының арасында оқыту жүргізіледі. Оқыту курстарының ішінде біз кәсіпкерлік негіздеріне, оның ішінде маркетингтік зерттеу, бухгалтерлік, құқықтық, қаржылық сауаттылықты көтеруге бағытталған тақырыптар көтеріледі. Теориялық материалдармен бірге тәжірибелік сабақтар болады.

Хабар 24 телеарнасы