375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде күнкөріс деңгейі төмен отбасылар 11 түрлі көмекке ие болады

  • 274
Елімізде күнкөріс деңгейі төмен отбасылар 11 түрлі көмекке ие болады

Елімізде аз қамтылған отбасыларға арналған бірыңғай әлеуметтік қызметтер пакеті іске қосылады.

Мәселен, күнкөріс деңгейі төмен жанұялар он бір түрлі көмекке ие болады. Айталық, аз қамтылған отбасының балалары бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейін тегін тамақтанады. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүреді. Оқушылар мектеп формасымен, құрал-жабдықтармен тегін қамтамасыз етіледі. Тұрмысы төмен жанұялардың бүлдіршіндерін балабақшаға орналастыруда басымдық беріледі. Лагерьлерде тегін демалады. Аталған отбасыларға коммуналдық қызмет ақысын төлеуде және көмірмен, отынмен қамтуда өтемақылық төлемдер беріледі. Сондай-ақ коммуналдық қызметтер төлемін есептейтін қондырғылар тегін орнатылады. Үйлерде әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, шағын кәсіптерін бастау үшін көпбалалы шаңырақтарға несиелер берілмек. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан диплом алған соң аз қамтылған отбасының студенттері жұмысқа орналастырылады. Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы баспанамен қамтылып, бір реттік әлеуметтік көмек те ала алады.

Хабар 24 телеарнасы