378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде көп балалы отбасылар балабақшаға 70% жеңілдік алды

  • 143
Ақтөбеде көп балалы отбасылар балабақшаға 70% жеңілдік алды

Ақтөбеде көп балалы отбасылар балабақшаға 70 процент жеңілдік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуір айынан бастап, ата-аналар арзандатылған бағамен төлей бастайды. Облыстық бюджеттен осы үшін 120 млн теңге бөлінген. Бұл 1100 бүлдіршіннің төлемақысын арзандатады. Ата-аналардан бөлек, бұл жобаға жетім баланы қамқорлығына алған жандар да ілігеді. Қазір облыстық білім беру басқармасы іске асыру механизмдерін қарап жатыр. Жалпы өңірде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 98 процентке жеткен. 3 жасқа дейінгі бөбектерді қамту 69 процент шамасында. Былтыр 37 мектепке дейінгі мекеме игілікке берілген. Соның басым бөлігі – жекеменшік.

Саян Сүлейменов, қалалық білім беру бөлімінің жетекшісі:

– Бір айлық ата-аналық жарна 10 мың теңге болса, 7 мың теңгесін төлейді де, дотация беріледі, қалған 3 мың теңгесін ата-ана төлейтін болады. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша көп балалы отбасы балаларының қанша екенін мониторинг жасап, 1100 бала бар деп шығарып отырмыз. Көп балалы отбасы балалары, яғни 4 баладан жоғары отбасы балалары, мүгедек, жетім балалар. Соған орай, ақша қалай төленеді, облыстық білім басқармасымен бірігіп ереже жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы