384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж. Түймебаев ғалымдарды қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін дамытуға шақырды

  • 790
Ж. Түймебаев ғалымдарды қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін дамытуға шақырды

Жансейіт Түймебаев ғалымдарды қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін дамытуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасарының айтуынша, этоносаралық қатынастар саласында әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның нәтижесімен жоғарғы оқу орындарында бөліскен маңызды. Оның ішінде студенттерге де, мұғалімдерге де қажетті дүниелер көп. Айта кетейік, елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 40-тан аса кафедрасы бар. Ол жерде этносаясат саласында зерттеулер жүргізіледі.

Анатолий Башмаков, ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы:

– Әр жердің өзіндік этникалық ерекшеліктері бар. ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес осының барлығын зерттеп-зерделеп, ұлтаралық қарым-қатынастағы жоғары мәдени тәрбиеге қатысты бірыңғай бағдарламаны сараптап, саралауды діттейді.

Хабар 24 телеарнасы