378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 600-ден астам қызмет түрі онлайн төлемге қосылады

  • 130
  • UPD: 08:06, 12.03.2019
Маңғыстау облысында 600-ден астам қызмет түрі онлайн төлемге қосылады

Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 600-ден астам қызмет түрі онлайн ақы қабылдау жүйесіне қосылады. Бұл бағыттағы іс-шаралар әр тоқсан сайын кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Мәселен, 1 сәуірден бастап 323 қызмет түріне төлемақы электронды түрде қабылдана бастайды. Тағы 86 қызмет түрі шілдеде цифрлық жүйеге ауысады. Сондай-ақ қазан айында 224 қызмет ақысын электронды картамен төлеуге болады.

Осылайша барлық кәсіпкерлік субъектілер биыл бақылау-кассалық машиналармен қамтылады. Уақыт үнемдеу үшін өңірлік мемлекеттік кірістер департаменті жылжымалы кеңсе ұйымдастырған. Мамандар шағын автобуспен  сауда нүктелерін аралап, кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсетуде.

Нұржан Жәнібеков, облыстық МКД басқарма басшысы:

- Маңғыстау облысы бойынша жыл соңына дейін 31 мың кассалық аппаратты қолданысқа қосуды жоспарлап отырмыз. Белгіленген тәртіппен биыл 630-ден астам қызмет түрі онлайн ақы қабылдау жүйесіне көшеді. Кәсіпкерлерге, яғни салық төлеушілерге бұл жөнінде хабарлама жіберілді. Орындалмаған жағдайда әкімшілік шара қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы