378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ІІМ жемқорлықпен күрестің жаңа жобасын әзірлеуде

  • 156
  • UPD: 23:49, 12.03.2019
ҚР ІІМ жемқорлықпен күрестің жаңа жобасын әзірлеуде

Ішкі істер органдары жемқорлықпен күрестің тың тәсілдерін ұсынып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қоғамдық өкілдерден құралған мониторингтік топтың көмегімен арнайы жоба әзірленеді. Бұл туралы ведомствоның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігі мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен отырысында айтылды. Елордадағы қолданбалы зерттеулер орталығы жобаның негізіне краудсорсинг әдісін пайдаланған. Яғни түрлі сала өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлеріне сүйеніп проблеманы шешу. Ішкі істер министрлігіндегі реформаға қатысты түскен ұсыныстардың ең оңтайлы деген 105-сі қаралған. Соның негізінде жасалған  жоба Ішкі істер министрлігі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайттарында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылады.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің көмекшісі:

- Бұл жерде Ішкі істер министрлігіне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мүшелері ғана емес, қоғам өкілдері, қоғам белсенділері өздерінің талабымен өздерінің ынтасымен барынша күш салып жатыр. Яғни бізге қолдау білдіріп, нақты осы сыбайлас жемқорлықпен күресте өздерінің ұсыныстарын енгізіп жатыр. Біз бұны одан ары қарай көпшіліктің талқысына шығарамыз. Содан кейін нақты шараларды Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бекітіп, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы