378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады?

  • 160
  • UPD: 16:56, 14.03.2019
Демалыс күндері Астанадағы ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері елордада күндіз термометр көрсеткіші минус 5 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Казгидрометтің хабарлауынша, ертең, 15 наурызда қалада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын күтіледі. Кей кезде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Температура түнде 0…-2°С, күндіз 0…+2°С.

Сенбі күні синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжауда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз 3…-5°С.

17 наурызда да күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты батыстан шығысқа ауысады. Оның екпіні 9-14 м/с деін жетеді. Сынап бағанасы түнде -15…-17°С, күндіз 3…-5°С көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы