377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көп балалы аналар үшін арнайы баспана кезегі жасақталмақ

  • 162
  • UPD: 23:33, 18.03.2019

Бірақ жүйені дәл қазір түбегейлі енгізу мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оған уақыт әрі қаражат қажет. Бұл туралы Астанада көп балалы аналармен кездескен еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Аналарды толғандырған мәселе көп.

Nur Otan партиясының қалалық филиалы көп балалы аналардың басын қосты. Көпшілікті толғандырған түйкіл ортақ. Бірі баспана мәселесін күйттесе, бірінің тірлігін түзетуге ақшасы жетпейді. Ал он баланың анасы Гүлшат Баяделова 15 жылдан бері көп балалы ана мәртебесін ала алмай келеді. Нәтижесінде тиісті әлеуметтік көмекке зар. Себебі, тұрақты тіркеуде тұратын баспанасы жоқ.

Гүлшат Баяделова, көп балалы ата-ана:

- 10 баланың анасымын. Тұрғылықты мекенжайым жоқ. Он баламен ешкім отырғыза бермейді ғой. Үйдің кезегіне тұра алмай жүрмін.

Ал Ішкі істер министрлігі тұрақты тіркеу мәселесін біржақты етудің қамын жасауда. Бұл туралы аналармен арнайы кездесуге келген еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Қолға алынып жатқан игілік жетерлік. Десе де көпшілік қарапайым атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің тетіктерін түсіне бермейді екен. Министр былай нақтылады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

- Жеке басты ананы алайық, ол кісінің 4 баласы бар, жұмыс істемейді. Табысы мен күнкөріс деңгейі 114449 теңге болады.

Бірінші сәуірге дейін «Е-халық» порталы арқылы құжаттар ресімделуі керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы асырап отырған 100 мың отбасы мемлекеттен 41 мың теңге алады. Ауылдағы аналар кәсібін бастау үшін шағын несие рәсімдеуге құқылы. Баспана мәселесі де назарда.

Бердібек Сапарбаев, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

- Пәтері жоқ отбасылардың тізімдері бар, олармен жұмыс жүргіземіз. Ең негізгісі, бұл бағдарлама – 10 жылға арналған бағдарлама. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Астаналық көп балалы аналарға коммуналдық төлемді өтеуге көмек көрсетіледі. Балалары тегін орта арнаулы білім ала алады. Тегін ыстық тамақпен қамтылып, тегін мектеп формасын алады. Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары тегін жол жүруге құқылы.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы