377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында суландыру жүйесі тасқын қаупін азайтты

  • 165
  • UPD: 23:29, 18.03.2019
Павлодар облысында суландыру жүйесі тасқын қаупін азайтты

Павлодар облысында да су басу қаупі жоғары аймақтар есепке алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге жағдай тұрақты. Қардың мөлшері жылдағыдан төмен түскен. Су тасқыны жағдайларын жою мен алдын алу мақсатындағы қаржылық резерв 1 миллиард теңгеден асады. 500-ге тарта техника, 63 жүзу құралы, шамамен 1,5 мың адам сақадай сай тұр. Жол бойындағы су өткізу құбырлары тазартылып жатыр.

Айта кету керек, жыл сайын қызыл судан Баянауыл ауданының елді мекендеріне қауіп төнетін. Биылғы жылы арнайы жасалған Жол картасы шеңберінде Ащысу өзенінің түбі тереңдетіліп, жағалауы бекітілген. Лиманды суландыру жүйесін қалпына келтіру су тасқыны қаупін азайтқан.

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖД бастығы:

- Облысымызда 32 елді мекенге су қаупі төніп тұр. Осы өткізілетін шаралардың арқасында 18-і төмендетілді. Яғни қар тазаланды. Әртүрлі өзеннің су ағатын жолдары тазартылып және де 22-26 ақпан күндері өткен республикалық командалық-штабтық жаттығуларда осы қар тазалау жұмыстары мен күш құрамдарының дайындығы тексерілді. Қазір 14 елді мекен бақылауда. Қазіргі кезде қар тазалау жұмыстары өте қарқынды жүргізіліп жатыр.

Авторлары: Қ.Қасиетова, С.Оспанов, М.Игіліков 

Хабар 24 телеарнасы