379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржол билетінің бағасын реттеудің жаңа жүйесі қомақты қаржыға үнем болды

  • 162
  • UPD: 17:48, 19.03.2019
Теміржол билетінің бағасын реттеудің жаңа жүйесі қомақты қаржыға үнем болды

Теміржол билеттерінің бағасын реттеудің жаңа жүйесі енгізілгелі қазақстандықтар 5 жарым миллиард теңге үнемдеген.

Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының өкілдері хабарлады. Айта кетейік, тарифті ретке келтіруге арналған жаңа жүйе  өткен жылдың қыркүйек айында енгізілген болатын. Оған сай, жолаушы билетті 45 күн бұрын алса, 25 процент үнемдейтін көрінеді. Бұл әлеуметтік маңызды поездарға қатысты. Ал коммерциялық бағыттар бойынша жеңілдік 35 процентке дейін жетеді. Ескеретін жайт, жол жүруі уақыты жақындаған сайын баға да қымбаттай түседі. Қыркүйек айынан бастап қазірге дейін 1 миллионнан астам жолаушы жаңа тариф бойынша билет сатып алып, компания қызметіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы