377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында құс етінен ішек таяқшалары табылды

  • 141
  • UPD: 21:13, 19.03.2019
Қостанай облысында құс етінен ішек таяқшалары табылды

Қостанай облысында құс етінен ішек таяқшалары мен сальмонелла бактериялары табылды. Дүкендерде саудаланып келген сапасыз бұл өнімдер Қазақстан және Ресей құс фабрикаларында шығарылған.

Сондай-ақ сүт өнімдерінен алынған зерттеулік сынама нәтижелері көңіл көншітпейді. Өндірушілер табиғи тағам деген жарнамамен жасанды қоспа өнімдерді сатқан. Кей сауда орындарында тауардың сапасын, қауіпсіздігін дәлеледейтін құжаттар жоқ. Осындай кемшіліктер қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының тексерісі кезінде әшкереленді.

Наталья Ахметова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Жыл басынан бері азық түліктің 700-ге жуық түрі бойынша зерттеулік сынамалар алдық Оның 43-і техникалық регламент талаптарына сәйкес болмай шықты. Өнімнің жарамдылық мерзімі, қай елде өндірілгені таңбаланбай, тағам атаулары мемлекеттік тілде жазылмаған.

Хабар 24 телеарнасы