377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді

  • 175
Үкімет басшысы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесіне арналған көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқап көлемі 22 млн гектардан асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 процентке артық. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров келтірген дерек бойынша қазір диқандардың қолында 147 мың трактор, 80 мыңға жуық соқа мен 249 мың топырақ өңдейтін құрал бар. Ал жанар-жағармай бүгінде әр литрі үшін 174 теңгеден сатылып жатыр. Бұл нарықтағы бағадан 15-20 теңгеге арзан. Селекторлық режимде өткен жиналыста Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай секілді негізгі астықты аймақтар басшыларының, сондай-ақ 10 облыс әкімдерінің есебі тыңдалды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері сөз сөйледі. Отырыс соңында Асқар Мамин облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылық дақылдарын егуді оңтайлы агротехникалық мерзімді сақтай отырып қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарын әртараптандыруды жалғастыру керек екенін айтты. Премьер-министр салалық ведомствоға Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, өңірлерге дизельді отынды жеткізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстау міндетін жүктеді.

Хабар 24 телеарнасы