384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада туберкулезге қарсы күрес күні өтеді

  • 580
  • UPD: 11:19, 21.03.2019
Астанада туберкулезге қарсы күрес күні өтеді playcast.ru

Жыл сайын 24 наурызда Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні атап өтіледі.

Дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің ірі қалаларының көрікті жерлерін қызыл түспен жария ету бастамасын көтерді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Соңғы екі жылда бұл қызықты бастамаға Барселона, Рио, Карачи, Будапешт сияқты әлемнің ірі қалалары қатысты және тіпті Ниагар сарқырамасы қызыл жарықпен жарықтандырылды.

2018 жылы Астана және Алматы қалалары (Орталық Азиядағы алғашқы қалалардың бірі) Stop TB Partnership (СТОП – ТБ Халықаралық серіктестігі) қолдауымен Zero TB Cities қалаларына қосылды.

Zero TB Cities қалаларына қосылу бастамасы азаматтық қоғамды, коммерциялық секторды, үкіметтік емес ұйымдарды біріктіруге дайын екендігін көрсетеді.

Кешенді және тексерілген шараларды, тиімді стратегияларды, сондай-ақ жоғары әлеуметтік жұмылдыру және жергілікті билік органдарының қолдауымен инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, Астана туберкулезден бос қала болу үшін туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді төмендетуге қол жеткізуі тиіс.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 24 наурызда елордада алғаш рет қаланың басты көрікті жерлерін қызыл жарықпен жарықтандыруға қатысады.

«Туберкулезге қарсы күрес үшін әлемді жарықтандырыңыз!» - бұл акцияның басты шақыруы. «Уақыт келді!» ұранымен іс-қимылға жалпы шақыру жасаудағы жаһандық қозғалысқа қосылуға және ынтымақтастық танытуға уақыт келді. Осылайша, әрбір адам туберкулезбен күресуге өз үлесін қоса алады.

Айта кетейік, Туберкулезге қарсы күрес 24 наурыз күні сағат 20.30-дан 02.00-ге дейін «Астана-Бәйтерек» монументінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы