379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда атауын өзгертуге байланысты алматылықтар пікір білдірді

  • 217
  • UPD: 15:23, 22.03.2019

Елорда атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге алматылықтар да өз пікірін білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Хангелді Әбжановтың пікірінше, астанаға Тұңғыш Президенттің есімін беру – оның тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына жасаған ерең еңбегін елеп, әлем алдындағы беделін айқындау.

Хангелді Әбжанов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры:

– Астана қаласын «Нұр-Сұлтан» деп атаған шешімді мен өз басым дұрыс деп шешемін. Өйткені бұл – біздің Тұңғыш Президентімізге көрсетілген құрмет. Оның тарихи еңбегін бағалай білу. Бұл Елбасының өте жоғары беделін көрсетеді және Отан алдындағы еңбегін дұрыс бағалаған деп білемін. Екінші жағынан осындай құрмет көрсетумен біз қарапайым адамдарға да үлгі көрсетіп жатырмыз. Еңбегі бар адам елеусіз қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы