379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фархад Қуанғанов: Қалаға көшбасшылардың есімін беру тарихта бұрыннан бар

  • 136
  • UPD: 20:43, 23.03.2019

Елордаға Нұр-Сұлтан атауын беру бұл – жан-жақты ойластырылған әрі дұрыс шешім.

«Nur Оtan» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов осылай дейді. Ол "Әлемде шаһарларға көшбасшылардың есімін беру дәстүрі бұрыннан бар», – дейді.

Фархад Қуанғанов, «Nur Оtan» партиясының хатшысы:

– Бүгін Мемлекет басшысы елорда атауын Тұңғыш Президент – Елбасы құрметіне өзгерту жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл – тарихи шешім. Елорданы Қазақстан халқының егемендік пен мемлекеттілік туралы ғасырлық арманын жүзеге асырған, қиын кезеңде жауапкершілікті өз мойнына алған тұлғаның есімімен атаудың кейінгі ұрпаққа, кейінгі басшылар мен саясаткерлерге жол сілтейтініне кәміл сенемін.

Хабар 24 телеарнасы