379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы есімі мемлекеттілік, егемендік сөздерімен бір қатарда тұрады – М.Әшімбаев

  • 174
  • UPD: 20:36, 25.03.2019

Қазақ елі тағы бір тарихи кезеңге аяқ басты. Тәуелсіздігін алған аз уақытта бағыт-бағдарын айқындап, іргесін бекемдеген мемлекет шартарапты ауызна қаратып, үлкен мінберлерден сөз алды.

Арқа төсіне астанасын салып, атағы алысқа кетті. Сәні мен салтанаты келісті елорда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажыр-қайраты, көрегендігі мен өршілдігінің жемісі. Сол себепті президент бастап, халқы қолдап елорданы Нұр-сұлтан деп атады. Осыған орай бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы Халыққа арналған Үндеуін жария етті. Елдегі ірі саяси ұйымның өкілдері елорданың Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталғанына риза.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы 6,5 миллион қазақстандықтың мүддесін біріктіреді. Салмақты ұйым. Бүгін кезекті отырысы өтті. Саяси партиялардың жетекшілері һәм мүшелері дөңгелек үстел басында кездесті. Кездесті де кең  отырып кеңесті.  Әңгімеге арқау болған - тарихи тақырып. Елордаға Елбасының есімін беру мәселесі қаузалды. Өте орынды шешім! Партиялардың өкілдері осындай пайымда.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

-Жалпы Қазақстан халқы үшін Елбасының есімі Мемлекеттіклік, егемендік, Тәуелсіздік деген сөздермен бір қатарда тұрады. Қазірдің өзінде  Тұңғыш Президентіміздің есімім Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы барлық реформалардың авторы ретінде тарихымызда алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Тарихи мәні өз алдына. Бас қалаға Тұңғыш Президенттің есімін беру - экономикалық тұрғыдан да маңызды. 

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Сенат депутаты:

- Нұрсұлтан десе  Қазақстан дейді. Қазақстан десе Нұрсұлтан дейді. Болашақта Нұрсұлтанның атымен аталған қалаға инвесторлар да әлемдегі барлық мемлекет басшылары осы қалаға осы астанаға осы мемлекетке инвестиция салуға бірлесіп тірлік жасауға экономиканы бірлесіп көтеруге болашақта әлемдегі бүкіл дағдарысты бірлесіп жеңуге әрекет жасайтынына ешқайдау дау жоқ деп есептеймін.

Ақжолдықтардың пікірінше Елбасы мен Елорда егіз ұғым. Бас қаланың бас архитекторы да өзі. Тұңғыш Президент Арқадағы шағын шаһарды санаулы уақытта әлемнің назары ауған астанаға айналдыра білді. 

Қазыбек Иса, «Ақ Жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:

- Егер осы астана Алматыдан қазіргі елордаға ауыспағанда Целиноград қаласы солтүстіктегі табиғаты суық, саяси ауа райы да суық. шетелдің тілінде сөйлейтін қала ретінде қала беретін еді. Бірақ, Тәуелсіз Қазақ елінің үкіметі де Парламенті де Елбасының тапсырмасымен сөйлей бастаған астанасы болмас еді. Бұл жолда Елбасының еңбегі ересен. Ақ жол партиясы қолдайды.

Бұған дейін де бас қалаға Елбасының есімін беру керектігі айтылып еді. Бірақ, Мемлекет басшысы болып тұрған кезде Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты тоқтатты. Енді уақыты келді. «Бірлік» партиясы төрағасының ойы бұл.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы:

- Жаңа келген Президенттің бірінші Жарлығы осы қаланың атын Нұрсұлтан деп атау керектігі туралы. Депутаттар, өзіміздің қоғам көбінесе 80 пайыздан астамы мақұл деп жатыр. Себебі жақсылыққа тез үйреніп кетеді адам баласы. сіздер жастар білмейсіздер қалай болғанын, білмей-ақ та қойыңыздар, қандай қиын болғанын. Міне сол кісіні арқасында бүкіл дүниеге мақтанатындай Қазақстанымызда тұрып жатырмыз.

Елдегі іскер топ өкілдері де тарихи шешімді қолдайды. Себебі Қазақ елі егемендігін алған тұста бизнес жасап жүргендер өте аз еді. 30 жылға толар-толмас уақыттың ішінде кәсіпкерлеріміздің саны бір жарым миллионнан асты. Бұл орайда Елбасының еңбегі ерен, дейді ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

- 98 жылдары 5 айдай айлық болмаған кез болды. Жоспарлы экономика құлады. Жаңа экономика аяққа тұрған жоқ. Оңтүстіктер де Өзбекстаннан газ ала алмай қалдық үлкен этажды үйлер далада тамақ пісіріп ішті. Бірақ бәріміз сендік.  Елбасы жол көрсетіп отыр.  Шыдаңдар, қолды бекем буыңдар, біз егемендікті алдық деді. Сондықтан осының бәрін ұмытпауымыз керек жас буынға. Сондықтан бізді біріктіріп отырған 4 мәселе бар. Ол Егеменді Қазақстан, ол елордамыз. Ол біздің ауызбірлік. Төртінші - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан осы бірлікпен алға жылжиық.Біз барлық шешімді қолдаймыз.  

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Президенттің шешімін қолдады. Ел тұрғындарын да бір адамдай құптауға шақырды. Бұл тұрғыда арнайы Үндеу жария етті.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы