377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртау металлургиялық комбинатында Наурыз мерекесі атап өтілді

  • 216
  • UPD: 23:26, 25.03.2019
Теміртау металлургиялық комбинатында Наурыз мерекесі атап өтілді

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттың орталық ғимаратында сала қызметкерлері Ұлыстың ұлы күнін атап өтті.

Мерекелік шараға қатысқан шығармашылық ұжымдар жұмысшыларға ән мен күй тарту етті. Бұдан бөлек алаңда орналасқан киіз үйлерде түрлі тақырыптық шаралар ұйымдастырылған. Наурыз мерекесіне келген Елбасының жұмыстас серіктестері оның комбинаттағы еңбек жолы туралы әңгімеледі.

Әлібек Алпысбаев, металлург:

- Осындай тамашаға қатысып жатырмыз, әрине қазір Елордамыздың атын өзгертуге шаралар өткізіліп жатыр. Астананың  Нұрсұлтан деп аталуын қолдаймыз. Өйткені Елбасымыздың біздің тәуелсіз мемлекетімізге жасаған еңбегі зор.

Хабар 24 телеарнасы