384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда елорданың жаңа атауын қолдауға арналған ауқымды шара өтті

  • 657
  • UPD: 19:54, 26.03.2019

Алматы облысының орталығы Талдықорғанда астана атауының «Нұр-Сұлтан» болып өзгергенін қолдауға арналған ауқымды шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жастар» саябағына жиналған жұртшылық тәуелсіз Қазақстанның елордасы оның Тұңғыш Президентінің есімімен аталуы заңды дейді.

«Нұр-Сұлтан – еңселі елордам» атты қолдау шарасына 23 мың адам жиналды. Талдықорғандағы «Жастар» мәдени-демалыс саябағында ине шаншар орын болмады деуге де болады. Мерекелік шараға облыс, қала тұрғындарымен қоса, меймандар да қатысты. Олардың арасында қазақ эстрадасының жұлдыздары да бар.

Әншінің бұл ойын мерекелік шараны тамашалауға жиналған жергілікті тұрғындар да қызу қуаттап отыр. Олар астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты тарихи шешім деп есептейді.

Эльмира Арынбаева, Кәлпе ауылының тұрғыны:

– Ару астананың есімін «Нұр-Сұлтан» деп қою біз үшін үлкен қуаныш. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегі біз үшін өлшеусіз. Ол қандай құрметке болса да лайық деп есептеймін.

«Жастар» саябағында өткен шара соңы «Алматы облысы Елбасымен бірге!» атты концерттік бағдарламаға ұласты. «Астана – Елбасының төл туындысы. Сондықтан жасампаз істердің ұйытқысына айналған елордамыз Тұңғыш Президентіміздің есімімен аталуы тиіс!», – дейді қолдау шарасына жиналғандар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы