379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда автобус компанияларының біреуі ғана әкімдікке қарайды

  • 152
  • UPD: 11:10, 27.03.2019

Қоғам бар жерде қоғамдық көліктің мәселесі азаймасы анық. Әсіресе алып шаһар Алматыда.

Мысалы, былтыр қаладағы қоғамдық көлік жүргізушілері 159 мың рет әкімшілік құқықтық тәртіпті бұзып, оларға 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Соңғы жылдардағы көлік реформасынан кейін біраз оң өзгерістердің болғаны да рас. Дегенмен осы саладағы келеңсіздіктер қалада әлі де кездеседі. 

Блиц:

- 2012-2013 жылдарда келген Ютонг деген қытайдың автобустары бар. Соларды жалпы осы  жаңа автобустарға өзгертсек. Олардың сапасы да нашарлаған көбісі.

- Автобустардың шоферларына жаным ашиды көбінесе.  Көбісінің  автобустары дұрыс емес. Таңның атысынан түннің бір уағына дейін жүреді. Қазіргі уақытта мына перделерін алып тастаған сол перделері енді күн  шақырайады қазіргі уақытта.

- Автобустар қатты жүрген кездерде сол кезде қорқыныш болады. Тез тоқтап қалатын кездер болады сондай.

Бұл жолаушылардың пікірі. Алматыда қоғамдық көлікпен қатынайтындардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есеге өскен. Бірақ қалада әлі де қоғамдық көліктердің экологиялық және санитарлық нормаларға сай болмауы, жүргізушілердің мәдениеті, олардың жол ережесін бұзуы жиі сынға алынады. Ал алғашқы үш айдың статистикасы мынадай. 

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қоғамдық көліктің жүргізушілерінің кінәсінен болған жол көлік оқиғаларының саны бүгінгі күні 33-ті құрап отыр. Нәтижесінде 39 адам зардап шегіп 4 адам оқиға орны болған жерде көз жұмған болатын.

Апат айтып келмейді. Дегенмен адам өмірі бәрінен маңызды. Сондықтан қала басшылығы ең бірінші кезекте жолаушылар қауіпсіздігін ойлауы тиіс.   

Шыңғыс Байқадамов, қалалық мобильділік басқармасының өкілі:

- 2100-ден аса жүргізушіні қоғамдық көліктің соларды әлгі тексерістен өткізді. Жол жүру ережесін, тасымалдау ережесін  білуіне және де бірінші  медициналық көмек көрсету 400 ден аса жүргізуші солардан  деңгейін көтеріп оқып шықты. Қазір міне мәлімет бойынша олардың қазіргі таңда 24 жүргізуші  қоғамдық көліктің осы тестиврованиені өте алмай  қалды.

Алматыда 15 тасымалдаушы компания бар десек, оның біреуі ғана әкімшілікке қарайды. Қалғандары жеке меншікте. Қалада күніне 1 мың 560-тан астам автобус пен троллейбус 118 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайды. Егер қоғамдық көліктер қандай да бір жол ережесін бұзып жатса немесе жүргізушілер тарапынан дөрекілікті байқасаңыз әлеуметтік желі арқылы немесе әкімшіліктің ресми сайтына шағымдануды ұмытпаңыз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Серік Бақбаев

Хабар 24 телеарнасы