379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда адамдарды тани алатын домофондар орнатылды

  • 145
  • UPD: 13:41, 28.03.2019
Нұр-Сұлтанда адамдарды тани алатын домофондар орнатылды astana.gov.kz

Интеллект жүйесі автоматты түрде тұлғаның бет-бейнесін деректер базасымен салыстырады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«Біздің ақылды ауданда үш домофон енді тұлғаны тани алады (Face Recognition). Егер сіз Бараев көшесіндегі №12 үйдің тұрғыны болсаңыз, домофонның магнитті кілтін ұмытып немесе жоғалтып алсаңыз, оған еш қорықпауға болады», – делінген компания хабарламасында.

Жүйе өзінің деректер базасындағы ақпаратпен келген адамды автоматты түрде салыстырады және мұнда сол үйдің тұрғындарына ғана кіреберіс есігін ашады. База әр тұрғынның жеке келісімімен ғана толықтырылады.

Сонымен қатар, домофон кіру есігін банктік картамен немесе ЖРТ жол жүру картасымен (мүлдем тегін), сондай-ақ мобильді қосымшаның көмегімен ашуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда мұндай технология жоқ.

«Ақылды аудан» жобасы елордалық «Жастар» шағын ауданының базасында жүзеге асырылуда.

«Біздің «ақылды аудан» жобасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Осы жерде тестіленетін барлық шешімдер, егер өз тиімділігін дәлелдесе, қаланың бар аумағында қолданылуы мүмкін», – деп атап өтті «Astana Innovations» АҚ.

Хабар 24 телеарнасы