379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық емханада көп балалы аналарға ашық есік күні өтеді

  • 130
  • UPD: 15:19, 28.03.2019
Елордалық емханада көп балалы аналарға ашық есік күні өтеді elorda.info

«Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік амбулаториясында көп балалы аналарға тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордалық «Салауатты Астана» отбасылық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі дәрігерлері мен гинеколог, ересек және балалар невропотологы, кардиолог, нефролог мамандары көп балалы аналарға тегін қызмет көрсетеді.

Ашық есік күні 30 наурыз сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.

Диагностикалық іс шаралар нәтижесінде толық тексеруден кейін тиісті ем-дом алып, сауықтыру жұмыстары жасалып, маман бақылауына алынады.

Тегін ашық есік күні Жағалау ықшам ауданы, Ш.Айтматов көшесі, 36 мекенжайы бойынша өтеді.

Хабар 24 телеарнасы