379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда барлық базарлар қала сыртына көшіріледі

  • 212
  • UPD: 15:16, 29.03.2019
Түркістанда барлық базарлар қала сыртына көшіріледі

Ол үшін қала сыртынан заманауи үлгідегі сауда орындары салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала билігі бұған қажетті арнайы жер телімін де бөліп қойған. Жаңа сауда орны Қызылорда тас жолының бойынан түседі. Жасыратын жоқ, қазір қаланың қақ ортасы қайнаған базарға айналған. Мұнда жабайы сауданың көрігін қыздырып отырғандар жетеді. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бүгінде базар маңын жағалап, рұқсат етілмеген жерде сауда-саттық жасап жүргендердің саны 500-ге жетіп жығылады. Шаһар билігі қазір қала сыртындағы Алтын бұлақ, Дархан, Жұма базарларына саудагерлерді көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Онда орын саны жеткілікті. Тіпті ол жаққа қоғамдық көлік жүргізіп, көшелердегі кептелісті азайту мәселесіде қарастырылуда. Ал қала сыртынан салынатын сауда кешенінің құрылысы келер жылға жоспарланып отыр.

Тәжібек Мұсаев, қала әкімінің орынбасары:

- Тәртіпке келтіруіміз керек. Сондықтан қала сыртындағы базарларға көшіреміз. Алтын бұлақ, Дархан, Жұма базаларында орын бар. Базар басшысының айтуынша, онда 1700 орын бар, барлық мүмкіндік қарастырылған. Екінші,қаладағы кептеліс азаяды. Сондықтан біз осындай бағыттағы түсіндіру жұмыстарын бастадық. Бүгін сатушылармен келісімге де келдік.

Хабар 24 телеарнасы