377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында медициналық анықтамалардың саудаланғаны анықталды

  • 173
Жамбыл облысында медициналық анықтамалардың саудаланғаны анықталды

Жамбыл облысында медициналық мекемелер анықтама үшін халықтан ақша алып отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң бойынша бұл құжатты тұрғындар электронды түрде тегін алуы тиіс. Нақтылап айтсақ, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған, тұрмағандығын анықтайтын құжат заңсыз берілген. Мәселен, Меркі аудандық орталық ауруханасынан 50 адам анықтама алып, 100 мың теңгеден аса ақша төлепті. Ал Тұрар Рысқұлов ауданында 117 адамнан 67 мың теңге алынған. Жалпы өңірде 6 мыңға жуық анықтама заңсыз берілгендігі белгілі болды. Сондай-ақ 086-формадағы медициналық құжат та саудаланып келген. 

Нұрлан Еркебаев, ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

– Берілу механизімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барма, жоқ па, осы мәселерге талдау жұмыстарын жүргізгендіктен туындады. Және байқап отырғанымыздай, әлі де ол жерде 086-формаларын беру кезінде саудалау мәселелері байқалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы