389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсудағы ауруханаға құны 270 млн теңгенің компьютерлік томографы қойылды

  • 364
  • UPD: 11:40, 30.03.2019

Ақсу қаласының тұрғындары компьютерлік томографтан өту үшін енді облыс орталығына сабылмайтын болды. Қалалық ауруханаға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірегей медициналық құрылғы алынды. Оның бағасы 270 млн теңге тұрады.

Ақсу қалалық ауруханасы жылына 53 мың адамға  медициналық қызмет көрсетеді. Оның кем дегенде 15 мыңына компьютерлік томография жасауға тура келетін. Алдағы уақытта  емдеу сапасы жақсара түспек. Өйткені заманауи медициналық құрылғының көмегі зор. Ол ауруды  дер кезінде анықтауға мүмкіндік  береді.

Қуат Мағауянов,  рентгенолог:

- Бұл компьютерлік томограф осы біздің Ақсу қаласына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алынып жатыр. Қазір өкпе ауруларын, іш құрылыс аурулары, жүйке жүйесі, бас ауруларының бәріне ерте диагностика жасауға көмек береді. Ишемиялық инсульттар, онкологияларды ерте диагностика жасайды.

Жаңа құрылғы  инсультті  ең бастапқы кезеңінде анықтайды. Арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер қажет болса  тәулік бойы жұмыс істеуге дайын. Ал,  тұрғындар үшін медициналық қызмет түрі  тегін.

Галина Батракова, ақсу қаласының тұрғыны:

- Менің жолдасыма  компьютерлік томография жасалып, ісік бары анықталды. Осының негізінде шұғыл операция жасалды. Қазір жағдайы қалыпты. Бүгін міне қайтадан томографиядан өтті. Бәрі жақсы.

Валентина Хохлова, Ақсу қаласының тұрғыны:

- Менің немерем сырқаттанып қалды. Ертең басын тексерткелі жатырмыз. Бұрын  Павлодарға  апаратынбыз. Жолдама алып, біраз уақыт кезек күтуге тура келетін. Енді міне бәрі осы ауруханада жасалады. Өте қолайлы.

Бұл облыс көлемінде алынып отырған тоғызыншы компьютерлік томограф. Атап өтерлігі, бәріне  демеушілер қаражаты есебінен  қол жетіп отыр.    

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы