376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ға қызылшаға қарсы 12 мың вакцина жеткізілген

  • 163
  • UPD: 15:25, 01.04.2019
БҚО-ға қызылшаға қарсы 12 мың вакцина жеткізілген

1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап елімізде қызылшаға қатысты қосымша иммунизация жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан облысына аталған ауруға қарсы 12 мың вакцина жеткізілген. Оның 8 мыңы 9-10 айлық сәбилерге егілсе, 3 мың вакцина 40 жасқа толмаған медициналық қызметкерлерге жасалмақ. Қалғаны кезінде түрлі себептермен екпе алмаған 30 жасқа дейінгі тұрғындарға және сырқатпен қарым-қатынаста болған тұлғаларға егілетін болады. Орал өңірінде қызылша дертіне қатысты ахуал өзге өңірлермен салыстырғанда тұрақты саналады. Жыл басынан бері бұл сырқатқа 27 адам шалдықса, оның алтауы 1 жасқа толмаған нәрестелер екен.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары: 

- Аурулармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтау жүргізілуде. Департамент мамандарымен және қалалық, аудандық басқарма мамандарымен 700-ке жуық адам анықталып отыр. Осы нәтиженің арқасында 47 адам мүлде екпе алмағаны немесе әртүрлі себептермен екпе алмаған адамдар анықталып, соның ішінде дүниеге келген екі бала анықталып отыр. Ата-ананың рұқсатымен бүгінгі күні екпе алды.

Хабар 24 телеарнасы