379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында атаулы көмекке 77 млн теңге көлемінде төлем тағайындалған

  • 152
  • UPD: 15:20, 01.04.2019
Ақтөбе облысында атаулы көмекке 77 млн теңге көлемінде төлем тағайындалған

Бүгіннен бастап атаулы әлеуметтік төлем жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысында аз қамтылған және көп балалы 1125 отбасына 77 миллион теңге көлемінде төлем тағайындалған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жаңа бағдарлама бойынша арызданып келетін адамдардың саны артуы мүмкін деп отыр. Осыған орай тіпті демалыс күндері де Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен халықтық кеңсе ғимараттарында құжаттарды қабылдау үздіксіз жүрді.

Айта кету керек, тұрақты әлеуметтік төлем 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін өскен болатын. Бұл көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентін құрайтындарға тағайындалады. Отбасының ортақ кірісіне 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы аналарға берілетін төлемдер және студенттің шәкіртақысы есептелмейді. Бірақ басты талаптың бірі атаулы әлеуметтік көмектен үмітті жан тұрғылықты жерінде тіркелуі тиіс.

Гүлшат Қаңтарбаева, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының жетекшісі:

- Әр балаға – 20789 теңге. Әкесі мен шешесіне соның айырмашылығы тағайындалады. Бірінші сәуірден бастап тағайындалады. Сондықтан да бірінші күні келу міндетті емес. Қай күні келсе де қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы