379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда ескертуге құлақ аспаған балықшы суға кете жаздады

  • 124
Павлодарда ескертуге құлақ аспаған балықшы суға кете жаздады

Павлодарда 59 жастағы балықшы Ертіс өзеніне батып кете жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ер азамат аман қалды. Қала тұрғыны қауіпсіздік ережелерін елемей, балық аулаған. Мамандардың ескертуіне де құлақ аспаған. Бүгінде Ертістің кей жерлерінде мұз тым жұқа. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Айта кетейік, бүгінгі таңда Ертіс өзеніндегі өткелдердің барлығы жабылған, себебі мұз еріп жатыр. Сонымен қатар балық аулауға және мұзда серуен құруға қатаң тыйым салынған.

Олег Громчак, облыстық жедел жәрдем станциясының дәрігері:

– Ер азаматқа құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі жағдайы тұрақты. Оған салқын тиген. Қалалық №1 ауруханада ем қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы