379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда SMART-СОТ жүйесі жемісін бере бастады

  • 169
  • UPD: 23:49, 02.04.2019

Атыраудағы алыс аудандар мен ауылдардың тұрғындары сот істерін виртуалды қараудың арқасында әрлі-берлі сенделістен арылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар бұрынғыдай облыс орталығына сабылмайды. 2018 жылдың маусым айынан бастап Атырау облыстық сотында істерді онлайн қарау тәжірибесі енгізілді. Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асты. Былтыр мұнайлы өңірде 982 іс, осы жылдың үш айында 111 іс жаңа жүйеде қаралыпты. Виртуалды байланысқа кез келген сот кеңсесіне барып бейнеконференциялық байланыс арқылы да қатысуға болады. Қазір Атырау облысындағы 47 сот кеңсесі жаңа жүйеде жұмыс істеп тұр.

Талғат Мұқатанов, адвокаттар кеңсесінің төрағасы:

- Жылыой ауданының сотына бармастан, осы мобильді бағдарлама арқылы сотқа қатысатын болдым. Сол себепті бұл қолданысқа ыңғайлы. Және де ҚР Жоғарғы сотының да болып жатқан сот алқасының отырыстарына да осы жүйе арқылы Нұр-Сұлтан қаласына бармай, Атырау қаласында тұрып, осы жерде де іске асыруға болатындығы бізге қолымызға жетті.

Хабар 24 телеарнасы