379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр

  • 144
  • UPD: 22:11, 03.04.2019

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына қатысты тергеу, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мемлекет қаза болғандардың  туған-туыстарына әрбір әскеридің 5 жылдық жалақысын төлеп, баспанасын алып береді. Сонымен қатар олардың балалары әскери оқу орындарына түскен жағдайда арнайы жеңілдіктер қарастырылады. Заңға сәйкес, марқұмдардың отбасындағы жақын бауырлары әскерге шақыртылмайды. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді. Ал  оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Біреу айтады ескі. Біреу ескі емес деп. Ол кім біледі. Кейінгі регламентті қарау 2014 жылы жүргізілген. Техника ол техника. Қазір айта алмайсың. Жаңа техника да бұзылып жатады. Бұл жерде комиссияның тексеру нәтижесінде тергеу нәтижесінде тиісті қорытынды қабылданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы