379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынды

  • 133
  • UPD: 15:22, 04.04.2019
Ақтауда коммуналдық мекемеге айыппұл салынды

Ақтаудағы «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық мекемесіне 450 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот бұл соманы мемлекет пайдасына өндіруге шешім шығарды. Әзірге ол заңды күшіне енген жоқ. Аталған мекеме бірнеше жыл қала сыртындағы «Қошқар ата» қалдық қоймасына рұқсатсыз ағынды су төгіп келген. Бұл дерек облыстық табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде анықталып отыр. Сәйкесінше Экология департаменті қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Гауһар Метерқұлова, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы:

- «Каспий жылу, су арнасының», біріншіден, сарқынды суларды тазалайтын қондырғысының болмағандығы анықталды. Бұл – негізі 2012 жылдан бері келе жатқан заңбұзушылық. Күні бүгінге дейін қондырғы салу мәселесі шешілмеген. Әрине, жауапкер сот шешімімен келіспей отыр. Жуырда ғана апелляциялық шағым келтірді. Енді оның нүктесін Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы қояды деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы