384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-ның Ұлан ауданында кәсіпкер бүкіл облысты жиһазбен қамтуға қауқарлы

  • 560
  • UPD: 08:18, 05.04.2019

Жиһаз жасау саласы дамып келеді. Қазір жеке кәсіпкерлер де ірі мөлшерде тапсырыс алып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Сергей Кучериннің қазір бүкіл облысты жиһазбен қамтуға мүмікіндігі бар. Жұмысты 50 мың теңгемен бастаған кәсіпкердің  бүгінде жылдық  айналымдағы капиталы 300 миллион теңгеге жеткен. 

Таврия ауылындағы бұл жиһаз цехы 20 жыл бұрын ашылған. Сол кездің өзінде 25 адам  еңбек ететін. Қазір 60 адам тұрақты жұмыс істейді. Ай сайын 6 мың шаршы метрден астам өнім  шығарады. Орындық пен төсектен бастап  тұрмысқа қажетті  жиаһзадың 200 ге жуық түрін жасайды. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтың арқасында тұтынушының қалауы бойынша  кез-келген қиын тапсырысты орындайды.

Дастан Ахмадеев, цех шебері:

- Біздегі жобалаушылар арнайы бағдарлама арқылы жиһаздың жобасын жасап флеш картмен бізге береді. Бұрын қарындашпен сызып, метрмен өлшейтін. Қазір бәрі флеш картада. Компьютердің көмегімен кез келген пішін мен бедерді істейміз. Сурет те салуға болады.

Цех ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Нәтижесінде әрбір кескін мен пішінді жарты миллиметрге дейінгі дәлдікте өлшеп, кесіп пішеді. Тек дұрыстап бағдарлама жасап енгізе білу керек. Әзірше мұндай құрылғы облыс бойынша ағаш өңдеу саласындағы ешбір кәсіпорында жоқ. Бұл құралдарды алуға кәсіпкерге мемлекет 4 процентпен несие берген. 

Сергей Кучерин, кәсіпорын жетекшісі:

- Проценті төмен несие кәсіпорынның дамуы мен қаржыға үлкен сеп болды. Жоғары проценттен үнемделген қаржыны өндірстің дамуына және шикізат алуға технологияны жетілдіру мен еңбекақыны көтеруге жұмасадық. Жаңартылған құрылғымен жұмыс істейтін мамандардың білімін жетілдіру үшін оқуға да жібереміз. 

Кәсіпорын басшысы үшін  жұмысшылардың жағдайы бірінші орында. Сондықтан да көбі талай жылдан бері тұрақты еңбек етіп келеді. Солардың бірі Анатолий Павлюк.

Анатолий Павлюк, кәсіпорын жұмысшысы:

- Біздің  ауыл үшін бұл үлкен кәсіпорын. Осы ауылдың өзінен қаншама адам еңбек етеді. Тұрақты жұмыс. Соған сәйкес еңбекақы. Өз басым жұмысыма көңілім толады. Екі балам мен әйелімді асырауға артығымен жетеді.

Қазір кәсіпорын барлық мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Матрацты да өздері жасауға көшкен. Тіпті оған қажетті серіппелерді де шығарады. Тек арнайы сымды ғана сатып алады. Оған қоса пластикалық терезелер де жасайды. Болашақта жиһазды жиектейтін  таспаны да өздері өндірмек. Ол жоба сәтті жүзеге асса, еліміз бойынша нарыққа шығуды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы