378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе әкімінің желідегі парақшасына күніне 150 адам пікір жазып қалдырады

  • 141
  • UPD: 10:30, 05.04.2019

Ақтөбе қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына күніне 150 адам пікір қалдырады екен.

Бірі ашық түрде жазса, енді бірі жекесіне жолдап жатады. Көбі әлеуметтік мәселелерді көтереді. Ал жақында тағайындалған облыс әкімінің желіге тіркелгеніне 1 апта ғана болды. Ізін ала аудан әкімдері де жаппай парақша аша бастады.

Әкім айтып, ауыз жиғанша 4 адам пікір жазып үлгерді. Кейбірі «тез жауап жазбадыңыз» деп ренжіп те жатыр. Ілияс Испанов алдымен оқырманнның талап-тілегімен танысып, тиісті мекемелерге тапсырма бергеннен кейін жауабын жазады. Айтуынша, бірде-бір шағым жауапсыз қалмайды. Өзі оқырмандарын бірнеше топқа бөліп қойыпты. Нақты мәселе көтеретін шынайы оқырман, ойына келгенді жазып, ермек қылатын еріккен оқырман немесе аты-жөні жазылмаған жасырын оқырман.

Ілияс Испанов, қала әкімі:

- Мұқтаж адамдар оларға шешуге көмектескен ол өзіме де, адам ретінде қызметте отырғасын жауапкершілік ретінде өте қажет нәрсе. Екінші адамдар бар, олар нейтрально, жақсылық болса қуанады, жамандық болса ренжиді. Мен айтамын, «нақтылап шешейікші, қайсы жол жаман?». Мен айтамын, барлық жол жаман емес. Желі пайдаланушыларға айтарым, сіздер моральдық тұрғыда, ешкімнің ар намысына тимей жазсаңыздар көп нәрсе шешіледі. Оны түсініп келе жатыр.

Әкімнің жеке парақшасы мен қала әкімдігінің ресми парақшасына күніне 150-ден астам адам пікір жазады. Оның 20 пайызы тез шешілетін ұсақ шаруаларды қозғайды. Қалғандары бойынша жауапты мекемелер жұмыс істейді. Екі парақшадағы оқырман саны 200 мыңға жуық. Көбі әлеуметтік желідегі ашықтықты қолдайды.

Қаракөзайым  Ескендірова, қала тұрғыны :

- Тиімді, тиімді деп айтамын. Енді кейбір түсінбейтін адамдар не болса, соны жазады. Әркім өзі талаптанып, «әкім келіп аузыма салады» деген әңгімені айтпауы керек.

Қала басшысы әлеуметтік желіге 2013 жылы тіркелген. Ол кезде сот саласында қызмет еткендіктен, күнделікті жұмысына қажет болған. Содан бері белсенділігі бәсеңдемеген. Бос уақыты жоқ әкім қолы сәл босағанда жауап жазады. Мысалы, ең ыңғайлы жер көлік ішінде. Діттеген жеріне жеткенше біраз адам сауалына жауап алады.

Байқағанымыз, қала басшысын әкімдікке әдейілеп іздеп келетіндер азайған. Телефонның тілін түсіне бермейтін үлкендер болмаса, жастар жағы әлеуметтік желіні қолданады. Әкімнің желіге тіркелгеніне 6 жыл болса, оның өзге әріптестері енді ғана қозғала бастады. Облыс басшысы Оңдасын Оразалин бір апта бұрын парақша ашты. Жұртшылық жақсы қабылдады. Өңір басшысына тікелей сауал қою мүмкіндігі туды. Әкімнің ізін ала барлық аудан басшылары тікеліп, оқырмандарымен пікір алмаса бастады. Қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы