376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ыстық сумен клизма жасалған нәрестенің жағдайы қалыпты

  • 87
  • UPD: 23:45, 05.04.2019
Шымкентте ыстық сумен клизма жасалған нәрестенің жағдайы қалыпты Sputnik Казахстан

Шымкент ауруханасында ыстық сумен жасалған клизмадан күйіп қалған сәбидің жағдайы қалыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан нәресте дәрігерлердің жіті бақылауында. 10 айлық Нұрислам Төлебергенов 3 сәуір күні кешке санитарлық авиациямен шұғыл түрде Шымкенттен Алматыға жеткізілген еді.

Естеріңізге сала кетейік, жұқпалы инфекциядан ем қабылдаған баланың тікішегін жумақ болған медбике поцедура барысында ішектің шырышты қабатын ыстық суға күйдіріп алған болатын.

Костантин Хаиров, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары:

- Сәбидің талдама көрсеткіштері бірқалыпты. Қызуы жоқ. Тамақ ішеді, үлкен дәреті де дұрыс жүреді. Ауруханада 10 күн немесе 2 аптадай ем алады. Анасы қасында. Бүгін тіпті де мазасызданған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы