379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы үш жылда 300 медициналық мекеме ашылады

  • 115
  • UPD: 23:41, 05.04.2019

Сонымен қатар өңірлерде сапалы ем жүргізуге қажет құралдардың тізімі пысықталып, аудит жүргізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын кадр тапшылығын жоюға қатысты нақты қадамдар жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Павлодар облысына сапары барысында айтты. Министр медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына баса назар аударып, алғашқы медициналық қызмет көрсететін мамандардың жұмысымен танысты. Әсіресе учаскелік дәрігерлердің жүктемесін азайтуға екпін салынатындығын хабарлады. Бүгінде нормативтік құжаттар бойынша бір маманға 1700 тұрғыннан келеді. Десе де кей өңірлерде көрсеткіш әлдеқайда жоғары, ал дәрігерлер 2-3 адамның орнына еңбек етуге мәжбүр. Бұл мәселенің түйінін тарқату үшін 1500-ден астам түлек кадр тапшылығы бар өңірлерге жіберілмек. Министр Ақсу және Екібастұз өңірлерінің емханаларында болды. Жиын барысында Ертіс өңіріндегі жедел медициналық қызметттің жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Елжан Біртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Материалдық жағдай шешлімеген. Жаңа емханалар, жаңа медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория ашу қажет. Екіншіден, медициналық техникамен қамтамасыз ету өте төмен. Көріп отырмыз, хирургиялық, реанимациялық бөлімшелерде қажетті аппаратура жетпейді. Соны тезірек шешу қажет.

Хабар 24 телеарнасы