376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік құтқарушыларға жаңа техникалар тапсырылды

  • 114
  • UPD: 21:37, 08.04.2019
Шымкенттік құтқарушыларға жаңа техникалар тапсырылды

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 17 қызметтік көлікпен толықты.

Бұл мақсатқа шаһар қазынасынан 118 миллион теңге бөлінді. Жаңа көліктер құтқарушылар қызметінің ұтқырлығын арттырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге ықпал етеді деген сенімде ведомстводағылар. Бүгінде Шымкент бойынша 8 өрт сөндіру бөлімі және бір бекет бар. Бұл ірі мегаполис үшін жеткіліксіз. Сондықтан алдағы уақытта тағы 35 арнайы техника сатып алынып, жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы қолға алынбақ.

Нұрболат Дербісов, қалалық ТЖД басшысы:

- 75 өрт сөндіру техникасы бар. Техника жетіспейтіні бар. Бүгінгі алып жатқан техниканың өзі төтенше жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Бірінші кезеңде 17 техника алып жатырмыз, барлық өрт сөндіру бөлімдеріне. Екінші кезеңде 35-ке жуық өрт сөндіру техникасын алатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы