379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бердібек Сапарбаев: Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жеке куәлік жеткілікті

  • 90
  • UPD: 14:40, 09.04.2019

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тек жеке куәлік болса жеткілікті.

Қажет емес құжаттарды талап етіп, азаматтарды әрі-бері сандалтпас үшін қазір жұмыспен қамту орталықтары және әкімдіктермен тиісті шаралар атқарылып жатыр. Министр Бердібек Сапарбаев журналистерге осылай деп жауап берді. Сондай-ақ ол жеке шаруашылығы бар көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау кезінде шаруашылықтан түсетін табыс пен шығын қоса есептелетінін айтты. Ал елордаға жан-жақтан келіп, бірақ тіркеуге тұрмаған жанұялар, оңалту орталықтарының көмегіне жүгінеді. 

Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Егер олар Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тұратын болса, онда біздің жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Сол жерге барып тіркелу керек. Одан кейін тиісті құжаттарын жұмыспен қамту орталықтары қабылдайды. Олардың табыстарына сәйкес оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындайды.

Хабар 24 телеарнасы