379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда бизнес сарапшыларын дайындайтын орталық ашылды

  • 92
Нұр-Сұлтанда бизнес сарапшыларын дайындайтын орталық ашылды

Елордада бизнес сарапшылар дайындайтын Қазақстандағы алғашқы орталық ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда кәсіпті тиімді жүргізуге ниетті адамдарды ақпараттар ағымына ілесіп, оларды саралай білуге машықтандырады. Себебі бүгінгі нарықта сапалы бизнес сарапшыларына деген сұраныс өте жоғары. Дегенмен білікті кадр тапшы. «Тіпті жоқтың қасы», – дейді мамандар. Сондықтан IT технологиялар саласындағы бірнеше компания бірігіп, осындай мектеп ашуды жөн керген. Дәрістер ағылшын және орыс тілінде ақылы негізде жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдай төмен жандар үшін арнайы гранттар қарастырылған. Бір курс үш айға созылады. Оны сәтті аяқтағандарға арнайы сертификаттар тапсырылып, жұмысқа орналасуына жағдай жасайды.

Юлия Гайнутдинова, IT компанияның басшысы:

– Біз ақпараттарды саралау ғана емес, оны нақты жобаларда тиімді қолдануға үйретеміз. Сабақ соңында Microsoft компаниясының 5 сынағынан сәтті өту керек. Бір топта 25-тен 40 адамға дейін болады. Әр білім алушы өзі жүзеге асырған жобалардың кейсін әзірлейді. Соларға қарап, компаниялар өзіне қажетті мамандарды таңдай алады.

Хабар 24 телеарнасы