377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жат діни ағымның жетегінде кеткендерді оңалту орталығының директоры сотталды

  • 142
  • UPD: 21:23, 09.04.2019

Қарағандыда теріс діни ағымның жетегінде кеткендерді оңалту орталығының директорына қатысты сот үкімі шықты.

Ол қазынаның 4 жарым миллион теңгесін қолды қылған. Қомақты қаражат санасы уланғандарды сауықтыру үшін облыстық дін істері жөніндегі департаменттен бөлінген. Құжат бойынша орталықта 45 адам ем алуы тиіс. Алайда тексеріс кезінде мұнда тек 5 адамның тұрып жатқаны белгілі болды. Ал қалған науқастардың жатын орны мен ас-ауқатына бөлінген ақшаны директор жымқырып отырған. Ол алаяқтық әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Саян Аққожин, үйлестіруші судья:

- Азаматша қылмысын толық мойындады. Жасаған ісіне өкінетінін айтып, мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Егер ол жазамен келіспесе, аппеляцияға бере алады.

Хабар 24 телеарнасы