379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қайраткері: Бұл сайлау уақытында келді

  • 64
  • UPD: 10:22, 10.04.2019

Семейлік қоғам қайраткері, халықаралық«Қазақ тілі» қоғамының солтүстік-шығыс өңірлер бойынша вице-президенті Орал Шәріпбай президент сайлауын өткізу жөніндегі шешім болашаққа нық сенім береді деп есептейді.

Оның ойынша, әлемде алмағайып оқиғалар орын алып жатқан шақта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі көтеру үшін тұрақты билік болу керек.

Орал Шәріпбай, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті:

- Нұрсұлтан қаласындағы үлкен Наурыз мерекесінде айтқан едім: Нұрсұлтанның нұрлы жолы, Қасымханның қасқа жолын Қасым-Жомарт Тоқаев мәңгілік елдің ұрпақтарына мәңгілік тыныштық пен берекені сақтай біледі, ары қарай дұрыс жалғастыра білетініне сенеміз деп. Сол сеніміміз бүгін ақталған күн болды. Себебі, мынау бүгін әлемде болып жатқан дағдарыстар мен экономикалық қозғалыстардың барлығына байланысты қазіргі таңда біздің Президентіміз Тоқаев тәуекелге барып, тәуелсіз елдің тәуелсіз ойлы Президенті екенін дәлелдеп, дұрыс шешім қабылдады деп білеміз. Осының бәрі ең бірінші халыққа керек. Билігіміз тұрақты болу үшін, біздің көзқарасымыз тұрақты болуы үшін, келешегіміз бен болашағымызға сеніміміз одан әрі арта беру үшін бұл сайлау уақытында келді. Уақыт төреші, тарих таразы деген осы екен.

Хабар 24 телеарнасы