384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да күн электр стансасы іске қосылады

  • 503
ШҚО-да күн электр стансасы іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында қуаттылығы жылына 30 мегаваттық күн электр станциясының құрылысы осы жазда аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы құны 10 миллиард теңгеден асатын жоба шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге асып жатыр. Қазір Жалғызтөбе кентінің маңындағы 70 гектарға жуық жерде қазық қағу жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба жүзеге асқанда аудан арзан энергиямен ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар сыртқа сатуға да мүмкіндік тумақ. Алдағы жылдары Жарма ауданында жел электр стансасын салу жоспарда бар.

Санат Тұрсынханов, мердігер компанияның инженері:

– Қазықты бұрай отырып, жердің астына 1 метр 60 сантиметр тереңдікке орнатады. Бұл қазық 5 тоннаға дейін салмақты көтере алады. Оны біз сынақтан өткіздік. Соның үстіне өзінің каркасы орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы