376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық әкімдік қаланың ең ірі 10 базарын сүріп тастамақ

  • 535
  • UPD: 10:33, 16.04.2019

Елордалық әкімдік қаланың ең ірі 10 базарын сүріп тастамақ. Нақтырақ айтқанда, Орталық, Алаш, Шарын, Шанхай секілді сауда орындарындағы заңсыз тұрғызылған дүңгіршектер қиратылады, де хабарлайды «Хабар 24».

Ал саудагерлер жаңа орталыққа көшуі тиіс.

Асхат Ниязов, «Хабар 24» тілшісі:

- Бұл - «Шарын» базарының күзетімен болған текетірес. Заңсыз тұрғызылған дүңгіршектер сүріледі деген ақпарды тексеру үшін келген бізге камераға түсіруге тыйым салды. Азан-қазан болдық. Шуластық. Артынша, әрине, татуластық. Жабайы базардың былығы көп осындай. Сол себепті, мұндағы саудагерлерді көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ мұны сатушылардың өздері естімеген сыңайлы.

Қалай болса, солай қойылған контейнерлер Елорданың көркін бұзып тұр. Сондықтан ондағы сатушылардан бастап, дөнер дүңгіршектері мен дәмхана иелері де орындарын жыл соңына дейін босатуы тиіс. Базар басшылары бұл туралы «саудагерлерді әу бастан ескертіп қойдық», деп сендірді.

Мұратбек Ахмадов, базар директоры:

Біз білмейміз неге олар солай айтатынын. Біз оларды ескерттік бір жыл бұрын. Қазір біз жаңартуды бастадық. Жаңа ғимараттарды салуды бастадық. Сол ғимараттардың ішіне біз оларды көшіреміз.

Алайда жергілікті биліктің бұл шешімін қолдағандар да табылды.

Елордалық әкімдік қаланың шетін заңсыз сауда нүктелерін жойып, ретке келтірмек. Бірақ мұндағы саудагерлер орынсыз қалмайды. Олардың барлығы да қазір құрылысы жүріп жатқан мына заманауи сауда кешеніне көшіріледі. 60 мың шаршы метр аумағы бар ғимаратта 12 мың кәсіпкер емін-еркін бизнесін дөңгелете алады. Осы базарға апаратын Алаш тас жолы да күделі жөндеуден өтпек.

Авторлары: Асхат Ниязов, Марат Дихнабаев

Хабар 24 телеарнасы