389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық кәсіпкер жүгеріден сусын шығару ісін қолға алды

  • 400
  • UPD: 10:23, 16.04.2019
Қызылордалық кәсіпкер жүгеріден сусын шығару ісін қолға алды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Әбжаппар Қасымов жүгеріден сусын шығару ісін жолға қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Қазақ тағамтану академиясы бұл сусынның емдік қасиеті барын дәлелдеген. Құтыларға құйылып, еліміздің әр өңіріне жол тартқан бұл өнімнің жасалу әдісі көнеден келе жатқан қазақ халқының күнделікті тыныс-тіршілігіндегі жүгері көжеге ұқсас. Тың жобаны қолға алған кәсіпкер бұған дейін жүгері шаруашылығын дамытты. Кейін одан сусын шығаруды жоспарлап, 3 миллион теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы да жеңіл пайызды несие алып, шағын цехты іске қосты.

Әбжаппар Қасымов, кәсіпкер:

- Күнделікті нормасы 1,5 тонна өндіруге келеді осы цехтың өзі. Енді алда соған жақындап келе жатырмыз. Қазір шамамен 1 тоннаға жуықтап қалды. Қазір 6 адам тұрақты жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы