379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері біліктіліктерін арттырмақ

  • 84
  • UPD: 21:08, 16.04.2019

Түркістан облысында барлық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыратын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында каскадтық әдіспен электораттық негізде білім алмақ. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, облыстағы барлық сайлау уческелері 25 мамырға дейін толығымен дайын болады. Қазіргі таңда бекеттерде сайлаушыларға толық жағдай жасау мақсатында тиісті құрал-жабдықтар мен байланыс жүйелерімен жабдықталуына баса назар аударылуда. Айта кетейік өңірде жалпы 889 сайлау учаскесі бар. Онда 6240 адам жұмыс атқаратын болады.

Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлау қандай деңгейде өтеді? Ол біздің сайлау комиссияларының мүшелеріне байланысты. Барлық сайлау учаскелері біріншіден 1-қабатта орналасуы керек. Биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесі қолға алынып жатыр. Ол заңға да кіргізілген. Содан барлық құрал-жабдықтармен, оргтехникалармен, байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету басты назарда.

Хабар 24 телеарнасы