379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыр салмақты көліктерден мемлекетке 240 млрд теңге көлемінде шығын келген

  • 71
Ауыр салмақты көліктерден мемлекетке 240 млрд теңге көлемінде шығын келген

Өткен жылы көліктік бақылау органдары 12 мыңнан аса кеніштік көлік құралдарын тексеріп, оның төрт жарым мыңға жуығынан заң бұзушылық анықтаған.

Айта кетерлігі, Қазақстанда ауыр салмақты көліктерге шектеу жоқ. Бірақ оның залалы айтарлықтай. Күні кеше Қарағанды тасжолында болған көрініс – соның дәлелі. Ауыр жүк тасымалдаған көліктердің салмағы 25 тоннадан асып кеткен. Жүргізушілерге 40-тан 180 АЕК аралығында айыппұл салынады. Ал мемлекетке түскен шығын – 240 млрд теңге көлемінде. Енді мамандар осындай жөнсіздікке жол бергендерді заңмен жазалау мәселесін көтеру керек дейді. 

Хабар 24 телеарнасы