379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «100 жаңа есім» жоба жеңімпаздарының қатысуымен жастарға арналған тренинг өтті

  • 93
Елордада «100 жаңа есім» жоба жеңімпаздарының қатысуымен жастарға арналған тренинг өтті

Жастар кез келген салада табысты болуы үшін, білім қорын үнемі толықтырып отыруы керек.

Бұл туралы елордада өткен «Өз-өзіңді ілгерілет» жастарға арналған тренингінде айтылды. Шараға «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатысып, өздерінің табыс сырларымен бөлісті. Яғни өз ісін дамытудың қыр-сырын үйретті. Ал жиынның қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары және хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев жастарға әр істе нақты қадамдар арқылы алға ілгерлеу қажет деп, кеңес берді. Өз-өзін жан-жақты дамыта білген адамның болашағы зор, - дейді қатысушылар. 

Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі:

– Еліміздегі өзгерістерге сіздердің белсенді қатысуларыңыз арқылы қоғам өзгереді. Қоғам жылжиды. Сіздер саяси, әлеуметтік-экономикалық салада, білім-ғылым саласында, мәдениет саласында өздеріңіз белсенді қатынасып, үлгі көрсетулеріңіз қажет. Және жай ұрандар емес, нақты істер арқылы өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін.

Асан Жолдасов, қосымша білім беру мектептерінің негізін қалаушы:

– Қосымша білім беру мектептерінің негізін қалаушымын. Математика мен физиканы 2-сыныптан бастап оқытып, терең білім береміз.

Хабар 24 телеарнасы