377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда туризм мен саяхатқа арналған көрме ашылды

  • 287
  • UPD: 22:55, 18.04.2019
Алматыда туризм мен саяхатқа арналған көрме ашылды

Елімізде әуе билеттерінің арзандауы туризм саласының дамуына ықпал етеді.

Бұл туралы Қазақстанның туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова  Алматыда ашылған «Туризм және Саяхат» KITF 2019 Халықаралық көрмесінде хабарлады. Маманның айтуынша, туристік фирмалар отандық лоукостерді құру мәселесін көптен бері айтып келеді.  Қазақстанда көз тартар көрікті жерлер көп. «Ендігі міндет қызмет сапасы мен  инфрақұрылымды жақсартып, жарнаманы күшейту керек»-дейді сарапшылар. Осымен 19-рет өтіп жатқан көрмеге әлемнің 27 елінен 350-ге жуық қазақстандық және шетелдік туристік компания қатысып отыр.  Ауқымды шара барысында мыңнан астам келісім-шартқа қол қойылады деген жоспар бар.

Рашида Шайкенова, қазақстанның туристік қауымдастығының директоры:

- Туризм секторы үшін ұшақ билетінің арзандауы өте маңызды. Өйткені біздің жеріміз кең. Қазақстанға көп жағдайда экотуристер 5-7 күнге келеді. Осы уақыт аралығында олар аймақтарды аралап үлгере алмайды. Енді Шымкентке, Тараз бен Өскеменге 30-40 минутта жетуге болады. Демек географиясы ұлғаяды. Бұған қоса облыстар да туризмнен табыс таба бастайды.

Хабар 24 телеарнасы