378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Сайлау науқанында әр қазақстандық жауапкершілікті сезінуі тиіс

  • 126
  • UPD: 08:35, 19.04.2019

Ақтөбе облысында 185 мың адам бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарына мүше, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни осынша еңбек адамының құқығы заңды түрде қорғалады. Кәсіподақ ұйымы өкілдерінің айтуынша, тәуелсіздік жылдары бұл ұйым қоғамдық институттар арасында өз орнын ала білді. Өңірде 1100 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Ендігі мақсат – еңбек адамының мәртебесін арттыру. Сондықтан кезектен тыс өтетін президент сайлауында әр жұмысшы жауапкершілікті сезініп, белсенді атсалысқаны абзал. Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиевтің пікірі осындай.

Алтынбек Әмірғалиев, Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы:

– Менің ойымша, еңбек адамы ретінде ол қабылданған шешім өте маңызды, қажетті қадам деп есептеймін. Әрбір еңбек адамының қазіргі таңда еліміздің көркеюіне, тұрақтылығына, қауіпсіздігіне байланысты сайлауға белсенді қатысуы маңызды.

Хабар 24 телеарнасы