389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлшара Әбдіқалықова: Семейлік көп балалы аналарға 40 пәтер беріледі

  • 482
  • UPD: 15:31, 19.04.2019

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Семей қаласына барған үкіметтік делегация халыққа қызмет көрсету орталығында болып, «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасының пәрменімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 20 789 теңгеге өскені белгілі. Жаңа форматта берілетін әлеуметтік көмекті алушылар қатары бұрынғыға қарағанда едәуір өскен. Үкіметтік топ баспана мәселесін шешу үшін Ақсай шағын ауданында салынып жатқан жаңа үйлерді де көріп шықты. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі 8 баланың анасы Индира Отарбаеваға жалпы ауданы 90 шаршы метр болатын пәтер кілтін сыйлады. Жұртшылықпен кездесу барысында жауапты министрлік басшылары мемлекеттік бағдарлама аясында тек қана жәрдемақы ғана емес, өз кәсібін ашамын деген аналарға жан-жақты қолдау болатынын атап өтті. Ал жиын соңында тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қабылдау өтіп, әр сұраққа тыңғылықты жауап берілді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– 45 мыңнан астам аз қамтылған отбасыларына жәрдемақы төлеу мәселесіне дайындық жүргізілген. Әрбір отбасына есептеліп, қазіргі кезде жұмыспен қамту орталықтарында олардың тізімі толық жасалған. Семей қаласының өзінде биылға аз қамтылған көп балалы аналарға 40 пәтер берілетін болады, осындай 80-ге жуық пәтер Өскемен қаласында да көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы