379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлдегі туристер сапалы сүт өнімдерімен қамтылмақ

  • 118
Алакөлдегі туристер сапалы сүт өнімдерімен қамтылмақ

Алдағы жаз мезгілінде Алакөлге келетін туристер сапалы сүт өнімдерімен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр Шығыс Қазақстан облысына қарайтын көл жағалауына 600 мыңнан астам демалушы келген. Биыл да саяхатшылар саны артады деген жоспар бар. Алдын ала есепке сай демалыс маусымында 175 тонна сүт өнімдері қажет болады. Ал Үржар ауданында 400 басқа арналған 2 сүт тауарлы фермасы, 2 сүт өңдеу цехы жұмыс істейді. Олар өткен жылы 100 тоннадан артық өнім шығарып, халыққа таратқан. Оның ішінде мектеп оқушылары да бар. Бюджеттік мекемелерді сапалы сүт өнімдерімен қамту үшін 22 миллион теңге бөлінген.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

– Жаз мезгілінде Алакөл жағалауына бару жоспарымызда бар. Оған арнайы жерлерді қарап отырмыз. 167 демалыс үйлерімен бүгінгі күнге келісімшарт жасалуда. Алакөлге ауданымызда өндірілген сапалы сүт береміз деген жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы