379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті

  • 222
  • UPD: 22:58, 19.04.2019

Елбасы кітапханасында «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» атты екі бірдей кітаптың тұсаукесер рәсім өтті.

Бірінші туындыда Елбасының түркі дүниесіндегі бірлік пен берекені сақтап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі айтылса,  «Елорда эпопеясы» бүгінде Нұр-Сұлтан болып өзгерген жаңа астананың тарихын қамтиды.

Жарық көрген екі кітаптың да басты кейіпкері – Нұрсұлтан Назарбаев. Бүкіл түркі дүниесі Елбасын тәуелсіз елдің іргетасын қалаушы ғана емес  халықаралық аренадағы  беделді тұлға ретінде таниды.

 «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабында   Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуындағы Елбасының рөлі, мемлекет басшылары, саяси қайраткерлер мен зиялы  қауым өкілдерінің жеке пікірлері берілген. Ал, «Елорда эпопеясы» Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қолтаңбасы.

Халықаралық түркі академиясының ұйытқы болуымен, кәсіби зерттеу тобы үш жылдан бері түркітілдес мемлекеттерде әлеуметтік сауалнама жүргізіп келеді. Осы зерттеулерде әртүрлі елдердің азаматтары бір ауыздан Елбасын түркі дүниесінің ең танымал тұлғасы ретінде таныған. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы